Қазақстандағы скрининг қорытындысы: ерлердің 30 пайызы белсіз, жартысынан астамы ауруға шалдыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы скрининг қорытындысы: ерлердің 30 пайызы белсіз, жартысынан астамы ауруға шалдыққан © Baq.kz

"Ерлер денсаулығы орталығында" 25 мың қазақстандық ер адамға жасалған скринигінің қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Elorda Media.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ерлер денсаулығы орталығында" 25 мың қазақстандық ер адамға жасалған скринигінің қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Elorda Media.

Зерттеу кезінде ерлердің 30 пайызы белсіз екені анықталған, ал 44,2 пайызында жыныстық жолмен берілетін инфекция табылған. Сонымен қатар, зерттеуге қатысқан ерлердің 56,3 пайызында эректильді дисфункиясы бар. 

"Жоғарыда аталған сырқаттарды емдеу үшін, дене тазалығын сақтап, белсенді өмір салтын ұстану қажет. Әрине темекі мен ішімдікті де азайтқан жөн", - дейді мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, медицина ғылымдарының докторы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас урологы Мырзакәрім Алшынбаев. 

Оның сөзінше, Қазақстанда соңғы 12 жылда белсіз ерлердің саны екі есе азайған. Ал бүгінгі күні отбасылардың 16 пайызы бала сүйе алмай отыр. 

"Ерлер өздеріне қарай бастады. Әр облысымызда ерлердің денсаулық орталықтары бар. Бір жылда 200 мың адам тексеруден өткен. 50-60 пайызды көрсетіп отырған эректильді дисфункция 19 пайызға дейін азайды. 32 пайыз болған белсіздік 19 пайызға азайды", - дейді Алшынбаев.

Сонымен қатар, елдің бас урологы әлемдік статистиканы да келтіре кетті. 

"Ерлер алдын алу үшін де, емделу үшін де дәрігерлерге аз келеді. Осы себепті олар жүрек-қан тамыры ауруларына 2-3 есе, ал психикалық және наркологиялық дертке 1,5 есе көбірек шалдығады", - деп аяқтады ол. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети