Қазақстандық дәрігерлер 3D-принтерде мұрын басып шығармақшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық дәрігерлер 3D-принтерде мұрын басып шығармақшы © wired.com

Қазақстандық дәрігерлер науқастардың мұрны мен өзге де дене бөліктерін ауыстыру үшін оларды 3D-принтерде басып шығармақшы. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне сол технологияны игеруші фирманың басшысы Людмила Антонова хабарлады. Айта кетейік, 3D-принтерлер өнімнің көптеген түрін жасауға жол ашады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық дәрігерлер науқастардың мұрны мен өзге де дене бөліктерін ауыстыру үшін оларды 3D-принтерде басып шығармақшы. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне сол технологияны игеруші фирманың басшысы Людмила Антонова хабарлады. Айта кетейік, 3D-принтерлер өнімнің көптеген түрін жасауға жол ашады.

Антонованың айтуынша, оның компаниясы осы технологияны республикаға жеткізуді жоспарлап отыр. "Пациенттің мұрыны жасушалы материалдың көмегімен басып шығарылады. Саусақ бөлігінен материал немесе тізе буынынан шеміршек алынады", - дейді ол. Маманның сөзіне қарағанда, оның фирмасы 3D-принтерлерді стоматологиялық материалдарды басып шығару үшін қолданады, олардың арасында каппалар, имплант қалыптары мен протез жасау үшін қолданылатын тістер бар. Алдағы уақытта протездер мен импланттардың өзін басып шығаратын технологияны игеру жоспарланып отыр. Оның айтуынша, мұндай тәсіл шығын мен пациенттердің күтуге кететін уақытын үнемдейді.

Бұған дейін "Технологияларды коммерциялау орталығының" бас директоры Дамир Егізбаев 3D-принтерлердің Қазақстандағы тіс дәрігерлері арасында үлкен сұранысқа ие болып отырғанын хабарлаған еді. Сонымен қатар, бұл технологияларды сәулетшілер мен оқу орындары пайдаланып жүр. Сондай-ақ, Егізбаев "Технологияларды коммерциялау орталығының" 3D-принтерлерді Қазақстанда өндіруші компанияларға қолдау көрсеткенін хабарлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети