Қазақстандықтарда кең таралған қатерлі ісік түрлері аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарда кең таралған қатерлі ісік түрлері аталды фото facebook/ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты

Қазақстанда соңғы 20 жылда қатерлі ісік сырқаттары көбейіп келеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Мәжілісте өткен үкімет сағатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда соңғы 20 жылда қатерлі ісік сырқаттары көбейіп келеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Мәжілісте өткен үкімет сағатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр 2019 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша диспансерлік бақылауда қатерлі ісігі бар 181 344 науқас тіркелгенін мәлімдеді.

"2018 жылы 35 753 адам алғаш рет тіркелді, олардың 44,3 пайызы - ер адам, ал 55,7 пайызы - әйелдер. Қатерлі ісіктен қайтыс болғандардың ішінде ер адамдар көбірек  - 53,8 пайыз. Алғаш рет ауырғандардың 60 пайызы - 18 жастан 63-ке дейінгі еңбекке жарамды адамдар. Сырқаттану құрылымында көш бастап тұрғандар: сүт безінің қатерлі ісігі (12,6 пайыз), өкпе қатерлі ісігі (9,9 пайыз), асқазан қатерлі ісігі (7,4 пайыз), жатыр мойны қатерлі ісігі және тоқ ішек қатерлігі ісігі (4,7 пайыз)", - деді Біртанов.

Көп жағдайда өкпе ісігі (16,5 пайыз), асқазан ісігі (11,5) мен сүт безі ісігінің (8,4) өлімнің басты себебі болатыны айтылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети