Қытайда өршіп тұрған қауіпті індеттен бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда өршіп тұрған қауіпті індеттен бір адам қаза тапты © nytimes.com

Қытайдың Ухань қаласында коронавирустың жаңа түрімен ауырған науқас қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдың Ухань қаласында коронавирустың жаңа түрімен ауырған науқас қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Коронавирустың жаңа типіне шалдыққан 41 жағдай тіркелді, оның екеуі ауруханадан шығарылды, жетеуі ауыр халде жатыр, бір адам қаза тапты, қалғандарының жағдайы тұрақты", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған 739 адам, оның 419-ы дәрігерлер медициналық бақылауда жатыр, олардың ауру жұқтыру симптомдары анықталған жоқ. 

Айта кетейік, 2019 жылдың соңында жергілікті билік өкілдері Қытайдаың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында шығу тегі белгісіз індет тарап жатқанын айтты. 

Қытайда шығу тегі белгісіз індет тарап жатыр: қазақстандықтарға ескерту жасалды

9 қаңтарда мамандар індетті зерттеу үшін арнайы сараптамалар мен зерттеулер жүргізген. Енді сарапшылар әрі қарай эпидемиологиялық зерттеулердің қажет екенін айтады. Осылайша, олар "вирусты пневмонияға" коронавирустың жаңа түрінің cебепші болғанын айтып отыр.

Қытайда өршіп тұрған қауіпті індет. Бүгінге дейін не белгілі?

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети