Қызылордада миға қан жетіспеушілік ауруы жиілеп тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада миға қан жетіспеушілік ауруы жиілеп тұр Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Соңғы екі жылдың көлемінде Қызылорда облысында миға қан жетіспеушілігі ауруынан зардап шеккен тұрғындар саны артып барады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық медицина орталығында нейроконсультты орталық бар. Сол орталықтың меңгерушісі Оңталап Өмірзақұлы аймақ көлемінде жылдам тарап бара жатқан ауруға шалдыққан жандардың көбейгендігін айтады. Мәселен, соңғы бір жылда 1042 адам ауруханаға жатқылызса, 309 адам миына қан құйылу (геморрагия) зардабын тартуда. Оған қоса беттің қисаюы, тілдің күрмелуі, қол мен аяқтың істемей қалуы секілді бір реттік соқпалы кезеңнің қиындығын көрген жандар да баршылық. Оңталап Өмірзақұлы азаматтардың сақтық шараларына көңіл бөлу керектігін айтады. "Мұндай белгілер байқалғанда дереу жедел жәрдем шақырған дұрыс. Оны алтын сағаттар деп атайды. Яғни, алғашқы 3 сағатта науқасқа көмек көрсетілсе, ол адам тез сауығады. Өкінерлігі, қазір мұндай ауруға еңбек жасындағы азаматтар көбірек шалдығатын болып жүр", - дейді О.Өмірзақұлы. Қызылорда бұл ауру өзгелеріне қарағанда көбірек кездеседі. Сондықтан бұл бағытта ел арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети