23 сәуір 2020 | 10:04

Реаниматолог қандай жағдайда жедел жәрдем шақыру керегін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Reuters Фото: © Reuters

Анестезиолог-реаниматолог Алексей Бородкин "Говорит Москва" радиосының эфирінде қандай жағдайда жедел жәрдем шақыру керегін айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Анестезиолог-реаниматолог Алексей Бородкин "Говорит Москва" радиосының эфирінде қандай жағдайда жедел жәрдем шақыру керегін айтты.

Оның айтуынша, дене қызуы 38 градустан асса, жөтел болып, тамақ қышыса, дәрігерге жүгіну керек.

"Егер дене қызуыңыз көтерілсе, яғни сіз өзіңізді жақсы сезініп отырдыңыз және аяқ астынан дене қызуыңыз көтеріліп, яғни әдеттегідей жайлап көтерілмейді, бірден 38,5 градусқа көтеріліп, әлсіздік, арқаның ауыруы, тамақ қышуы, көз құрғап, бас айналады және бұған жөтел қосылады. Жөтел болғанда үздіксіз құрғақ жөтел, дем алу қиындайды - бұлар коронавирустың қауіпті белгілері. Мұндай кезде уақыт жоғалтпай, бірден жедел жәрдем шақыру керек", - деді дәрігер.

Сондай-ақ маман үй жағдайында тыныс алу жолын қалай тексеруге болатынын түсіндірді.

"Егер сіз өкпеңізбен толық дем ала алмасаңыз, жөтел пайда болып, басыңыз айнала бастаса, демек жағдайыңыз мәз емес. Адам үйде отырғанда КВИ жұқтырмағанын анықтаудың ең оңай жолы - терең тыныс алып, демді 10-15 секунд ұстап тұру. Егер сол 10-15 секунд ішінде өзін нашар сезініп, бас айналып, аяқ астынан жөтел шықпаса, қалыпты тыныс алып тұрса, онда адам аман-есен дегенді білдіреді", - деп түсіндірді Бородкин.

Еске салайық, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 2191-ге жетті, індеттен 515 адам айығып, 19 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети