Ресей Африка мемлекеттеріне Эболамен күрес үшін қосымша техникалық және гуманитарлық көмек көрсетпек

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©РИА Новости. Фото ©РИА Новости.

Ресей Африка мемлекеттеріне Эбола безгегімен  күрес үшін қосымша техникалық және гуманитарлық көмек көрсетеді дейді БҰҰ-дағы РФ тұрақты төрағасының орынбасары Дмитрий Максимычев, деп хабарлайды  РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ресей Африка мемлекеттеріне Эбола безгегімен  күрес үшін қосымша техникалық және гуманитарлық көмек көрсетеді дейді БҰҰ-дағы РФ тұрақты төрағасының орынбасары Дмитрий Максимычев, деп хабарлайды  РИА Новости.

"Біздің дәрігерлер қазір Африкада жұмыс істеп жатыр. Қазір Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонда БҰҰ бағдарламасы бойынша Африка мемлекеттеріне қосымша гуманитарлық көмек, медициналық техникалар, дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтар, мамандар жіберіледі", деді Максимычев БҰҰ Бас Ассамблеясының Африка елдерін дамытуға қатысты отырысында. Бұған дейін Ресей Эбола безгегінен зардап шеккен елдерге қаржылай және техникалық көмек ретінде  779 миллион рубль бөлді. 

Ал АҚШ президенті Барак Обама Далласқа ондағы безгектің таралуына жол бермеу үшін төтенше жағдайлар агенттігінің өкілдерін жіберетінін айтты. Далласта Эбола вирусынан Либерия азаматы көз жұмған болатын және осы дертті екі медбике жұқтырып алған. 

Техасқа Федералдық агенттіктен төтенше жағдайдар бойынша тәжірибелі координатор жіберілмек. Ол Техастағы жағдайды ретке келтіруді қолға алады. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БҰҰ-ның Эболамен күрес бойынша арнайы координаторы Давид Набарро Батыс Африкадағы Эбола дертін бақылауға алуға болатынын айтқан болатын. Оның айтуынша, бұған 3 айдай уақыт керек. Яғни осы уақытта Эбола вирусын жұқтырушылар саны азая бастайды. Алайда қазір Эбола вирусын жұқтырушылар саны күннен-күнге өсуде. Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымының бас директорының көмекшісі Брюс Эйлвард Эболаға қарсы вакцина 2015 жылдың жазында жасалатынын айтты. 

Қазіргі таңда көптеген БАҚ өкілдері егер таяу уақытта Эболаға қарсы вакцина жасалмаса, келесі жылы бұл дерт Қазақстанға да жетеді деп дабыл қағуда. Қазақстанның биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша Ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Абылай Сансызбай біздің ғалымдардың потенциялы Эбола вирусына қарсы вакцина ойлап табуға қауқарлы дегенді айтады.

Эбола вирусы адамдарға жануарлардан жұғады, адамдардан бір-бірен ауа арқылы беріледі.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer