"Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы оңтайлы жүзеге асып келеді - В.Божко

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы оңтайлы жүзеге асып келеді - В.Божко Фото Мed-emer.kz

"Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында санитариялық авиацияны дамыту мақсатында 14 ЕС-145 тікұшағы мен 2 Ка-32 тікұшағы сатып алынды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында санитариялық авиацияны дамыту мақсатында 14 ЕС-145 тікұшағы мен 2 Ка-32 тікұшағы сатып алынды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министріне сілтеме жасап.

Тікұшақтар еліміздің әр облыстық орталықтарында тәулік бойы кезекшілікте болады. Былтыр олар 255 рет ұшса, емдеу мекемелеріне 222 пациентті жеткізілген. 227 адамға дәрігерлер консультация беріп, 7 шұғыл операция жасалғаны тағы бар.

"Үш медициналық пойыз былтыр барлық өңірдің 300 шалғай станциясына аялдап, 64418 азаматтың денсаулығын тексерді. 2014 жылғы I тоқсанда "Денсаулық" медициналық пойызы 4 ақпан мен 31 наурыз күндері аралығында  Оңтүстік Қазақстан облысының 24 станциясы мен жақын орналасқан елді мекендердің халқына медициналық көмек көрсетті. Дәрігерлер 4738 азаматты, оның ішінде 587 баланы қарады. 50044 диагностикалық зерттеу жүргізді, 41 кіші амбулаториялық операция жасады, 2 телемедициналық консультация беріп үлгерді. Теміржол емханаларында 2013 жылы 57258 ауру емделіп, жалпы саны 2 млн. адам қаралды. 12361 операция жасалды", - деді Владимир Божко Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігматериалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында өткен жылы 4 тікұшақ, 166 өрт сөндіру көлігі және авариялық-құтқару техникасы сатып алған.

"Апатты жағдайдағы медициналық қызмет көрсету мен санитариялық авиацияны дамыту ілгерілеп келеді. Апатты жағдайда медициналық қызмет көрсету орталығы 3305 дер кезінде көмек көрсетуге аттанды. Зардап шеккен 4054 адамға медициналық көмек көрсетіліп, емдеу мекемелеріне 1213 адам жатқызылған. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында апат көп тіркелетіні белгілі. Сондай бөлімдерде жұмыс істеп жатқан 12 медициналық-құтқару пункттерінің қатары осындай 14 бөліммен толығып отыр. Олардың көмегімен 903 рет көмек көрсету шарасы сәтті жүзеге асты. 2680 зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетіліп, 776-сы емдеу мекемелеріне жеткізілді", - деді министр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети