Санитарлық авиация қызметі Қазақстанда жарты миллионға жуық жүкті әйелге көмек көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2014 жылы республикалық санитарлық авиация орталығына жалпы саны 1874 рет шақырту түсіп, 1735 науқас тасымалданды, сонымен қатар бұл қызмет барған жерінде 140 операция жасап, 500-ге тарта консультациялық қызмет көрсетті.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы барлығы 2365 науқасқа медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде акушерлік-геникологиялық патологиямен - 428 әйелге, 390 жаңа туылған нәрестеге, балалар жасындағы аурулар бойынша – 538 балаға, жарақат алған 496 адамға (оның ішінде 183 адам - жол-көлік апатында зардап шеккендер), қан айналымы жүйесі ауруларымен 342 науқасқа көмек көрсетілді.
Айта кетейік, санитарлық авиация қызметіне жырақтағы, ұшу-қону алаңдары жоқ қиын өңірлерде де жұмыс істеуге тура келеді.
Еске сала кетейік, 2014 жылы желтоқсада санавиация АҚШ-та инсульт алған отандасымызды елге жеткізгені хабарланған болатын. Оның алдында Таиланд отельдерінің бірінде бассейнге түскеннен кейін есінен танып қалған қазақстандықты елге жеткізуге санитарлық авиация қолданылған еді. Елге келгеннен кейін дәрігерлердің күш салуына қарамастан науқас бірнеше айдан соң қайтыс болды.