17 ақпан 2014 14:14

Сапалы медицина ауылға әлі де жетпей тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Халыққа ауруханалар мен емханалардың қолжетімділігі қамтылмай отыр. Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Дариға Назарбаева осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "100 мектеп" пен "100 аурухана" бағдарламасы бойынша 71 нысан салынды, оның 25-і ғана ауылда. Қалған нысандарды 2016 жылы аяқтау жоспарланған. Дегенмен, қалған 13 нысанның құрылысы әлі басталмаған. Бұның өзі адамдардың сапалы медициналық қызметке қолжетімділігі мәселесінің, әсіресе, ауылдық жерлерде әлі шешімін таппай отырғанын көрсетеді", - дейді депутат Д.Назарбаева Мәжілістегі Үкімет сағатында. Оның айтуынша, елімізде көптеген ауылдар аудан орталықтарынан қашықта орналасқан. Соның салдарынан ауа райының қолайсыздығы, өңірдегі сапасыз жолдар секілді бірқатар мәселелер жұртшылықтың шұғыл медициналық көмекті алуы да қиынға соғады. Осыған орай, депутат Дариға Назарбаева денсаулық сақтау министрлігінің нысандарды салуды жоспарлау жұмысы сын көтермейтінін, кейбір объектілер құрылысында олардың аудан мен ауыл арасындағы қолжетімділікті шешуді көздемегенін алға тартты. "Бір өңірдегі жұртшылық емдеу мекемелерінің тапшылығынан жапа шегіп жатса, екінші бір өңірлерде олар дұрыс жұмыс істеп тұрған да жоқ. Кейбір аудандарда нысан іске қосылғанымен, толық жабдықталмаған. Ал кейбірінде қажетті маман тапшы", - дейді депутат.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети