20 тамыз 2019 15:23

Сібір жарасы малға топырақтан жұққан - Министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Ақмола облысында тіркелген сібір жарасы туралы пікір білдірді,- деп хабарлайды "Елорда Инфо".


Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Ақмола облысында тіркелген сібір жарасы туралы пікір білдірді,- деп хабарлайды "Елорда Инфо".

Министрдің айтуынша Ольгинкадағы малдың бәріне осы жылдың сәуір айында толығымен вакцинация салынған. Ауылдағы мал иелері екпе жасағаны туралы құжатқа қол қойыпты.

"Соңғы кездері жұрт талқысында жүрген оқиға 14 тамызда болған. Ал ірі қара малдың өзі 13-14 тамызда сойылыпты. Бәрін жан-жақты тексергеннен кейін барып, 17 тамызда ғана карантин енгіздік. Ал сібір жарасын сол жерде мал сойғандар бір-біріне жұқтырып алған. Қазір сол 5 адам ауруханада жатыр. Олардың жағдайы бірқалыпты. Сойылған малдың еті ешқайда шықпады. Сол жерде оның бәрі өртеліп, жойылды. Карантин біткенше Ольгинкадан ешкім ешқайда шықпайды. Ешбір ет те, тауар да таратылмайды. Енді 15 күн ішінде карантин бойынша тиісті жағдайдың бәрін жасаймыз", - деді Сапархан Омаров.

Ол сөз арасында Ольгинкадан Нұр-Сұлтан қаласына ет жеткізілді деген сыбысты жоққа шығарды. Бүгінге дейін ешбір зат Ольгинкадан ешқайда шықпағанын, сол себепті астаналықтарға қауіптенетін еш себеп жоқ екенін ерекше атап өтті.  

Сібір жарасын жұқтырмау үшін не істеу керек? Дәрігерлер кеңесі

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы министрі сібір жарасы малға қайдан жұққанын түсіндіріп берді.  

"Сібір жарасы малдан таратылмаған. Ол алдымен топырақтан шыққан. Өткенге көз жүгіртсек, 1948 жылы осы жерде сібір обасы бойынша эпидемия болыпты. Содан топырақта сақталып қалған болуы мүмкін", - деді министр.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети