Америкалық ғалымдар шаш бояуы мен шашты химиялық жолмен түзулеудің сүт безі қатерлі ісігі қаупін арттыратынын анықтады. Зерттеу қорытындысы International Journal of Cancer журналында жарияланды, - деп жазады РИА Новости.

Мамандар 49 709 әйелдің денсаулығына зерттеу жүргізген. Нәтижесі бойынша шаш бояйтын әйелдердің сүт безі қатерлі ісігіне шалдығу қауіпі қалған шаш боямайтын әйелдерден 9 пайызға көп болғаны анықталды.
"Мұнда құрамында канцерогендер мен эндокрин жүйесін бұзатын заттар жайлы айтылып жатыр. Ал шаш түсін уақытша өзгертетін бояулардың ешқандай қаупі жоқ. Сондай-ақ, шашты химиялық жолмен түзулеу де сүт безі қатерлі ісігін арттырады. Осындай әдісті 5-6 апта қолданған әйелдердің онкологиялық ауруларға шалдығу көрсеткіші 30 пайызға көп болып шықты", - делінген зерттеуде.
Онколог сүт безі қатерлі ісігінің басты белгілерін атады
Ғалымдар сүт безі қатерлі ісігін алдын алу үшін химиялық заттардан аулақ болуға кеңес береді.