1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Шаш бояуы сүт безі қатерлі ісігін туғызуы мүмкін - ғалымдар 05 желтоқсан 2019, 09:49

Америкалық ғалымдар шаш бояуы мен шашты химиялық жолмен түзулеудің сүт безі қатерлі ісігі қаупін арттыратынын анықтады. Зерттеу қорытындысы
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© Pixabay.com © Pixabay.com

Америкалық ғалымдар шаш бояуы мен шашты химиялық жолмен түзулеудің сүт безі қатерлі ісігі қаупін арттыратынын анықтады. Зерттеу қорытындысы International Journal of Cancer журналында жарияланды, - деп жазады РИА Новости.

Мамандар 49 709 әйелдің денсаулығына зерттеу жүргізген. Нәтижесі бойынша шаш бояйтын әйелдердің сүт безі қатерлі ісігіне шалдығу қауіпі қалған шаш боямайтын әйелдерден 9 пайызға көп болғаны анықталды.

"Мұнда құрамында канцерогендер мен эндокрин жүйесін бұзатын заттар жайлы айтылып жатыр. Ал шаш түсін уақытша өзгертетін бояулардың ешқандай қаупі жоқ. Сондай-ақ, шашты химиялық жолмен түзулеу де сүт безі қатерлі ісігін арттырады. Осындай әдісті 5-6 апта қолданған әйелдердің онкологиялық ауруларға шалдығу көрсеткіші 30 пайызға көп болып шықты", - делінген зерттеуде.

Онколог сүт безі қатерлі ісігінің басты белгілерін атады

Ғалымдар сүт безі қатерлі ісігін алдын алу үшін химиялық заттардан аулақ болуға кеңес береді.



Join Telegram