"Шаш түсе бастады" - коронавирустан айыққан науқастар аурудың салдары туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шаш түсе бастады" - коронавирустан айыққан науқастар аурудың салдары туралы айтты © РИА Новости

COVID-19 жұқтырған науқастар айыққан кейін шаштары түсе бастағанын анықтаған, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

COVID-19 жұқтырған науқастар айыққан кейін шаштары түсе бастағанын анықтаған, - деп хабарлайды РИА Новости

Науқастар әлеуметтік желіде де, маманның қабылдауында да аурудан айыққаннан кейін шаштарының түсе бастағанын айтып, шағымданған. 

"Менің шашымның 55 пайыз түсіп кетті. Күн сайын шашым көп түсіп жүр", - дейді ауруханадан шыққаннан кейін осындай белгілерді байқаған Грейс Дадли. 

Науқастарға көмектескен белсенді, өзі де коронавирус жұқтырған Луиза Барнстың сөзінше, топтағы көптеген адам шашының түсе бастағанына шағымданған. Оның ішінде белсендінің өзі де бар.  

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай құбылыс коронавирус инфекциясының бір белгісі - дене қызуының көтерілуімен байланысты болуы мүмкін. 

"Дене қызуының 37,5 градустан жоғары болуынан шаш түсе бастауы мүмкін. Себебі шаш өсуінің табиғи циклы бұзылады", - дейді дәрігер Арагон Джузеппе.  

Мамандар бұл уақытша құбылыс екенін айтады.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети