Шетелге шығатын қазақстандықтар қалай вакцина салдыра алады?

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Шетелге шығатын қазақстандықтар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналарды салдыра алады. Бұл қатарға шетелде оқитын студенттер, емделуге кететін, Қазақстан атынан халықаралық деңгейде шығатын азаматтар кіреді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев осы азаматтарға арналған іс-қимыл алгоритмін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шетелге шығатын қазақстандықтар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналарды салдыра алады. Бұл қатарға шетелде оқитын студенттер, емделуге кететін, Қазақстан атынан халықаралық деңгейде шығатын азаматтар кіреді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев осы азаматтарға арналған іс-қимыл алгоритмін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №2 қаулысына сәйкес кейбір жағдайларда ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша ДДСҰ мақұлдаған вакцинаның толық курсын қайта алуға рұқсат етіледі", - деді Байтанаев.

ДДСҰ мақұлдаған вакциналарды ала алатын қазақстандықтар

Қазақстан атынан халықаралық деңгейде шығатын, үкіметаралық келісімдер/шарттар шеңберінде шетелде оқу, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге шығуы қажет адамдар және олардың отбасы мүшелері, шетелде емделуге жіберілетін науқастар, оларды емделуге апаратын адамдар.

Қандай құжаттар керек?

Түрлі себеппен шетелге шығуы қажет тұлғалар тиісті ведомствоға растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.

Мысалы, шетелде білім алушылар растайтын құжаттарды ҚР Білім және ғылым министрлігіне, шетелде емделуге кетуі керек науқастар тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға немесе өңірлік денсаулық сақтау басқармасына ұсынады. 

Студенттер кімге жүгіне алады?

Студенттердің КВИ-ға қарсы вакцина мәселесі ҚР БҒМ-мен бірлесіп пысықталды, іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Осы айтылғандарға сәйкес:

  • "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері және үкіметаралық келісімдер/шарттар, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге оқуға жіберілетін адамдар, шетелдік оқу орындарына өз бетінше түскен және үкіметаралық келісімдер, академиялық ұтқырлық шеңберінде оқитын студенттер және Work and travel бағдарламасы бойынша шығуды жоспарлаған студенттер және олардың отбасы мүшелері ҚР БҒМ-не жазбаша өтініш береді;
  • Осы тұлғалардың өтініштері негізінде ҚР БҒМ тізім жасап, оларды ҚР ДСМ-ге жібереді;
  • ҚР ДСМ осы тізімді одан әрі өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларына жібереді;
  • Медициналық ұйымдар тізімдерді ақпараттық жүйеге енгізу үшін денсаулық сақтау орталығына беріп, студенттерге вакцинаның толық курсын қайта өткізеді;
  • КВИ-ға қарсы вакцинаның толық курсын қайта аяқтағаннан кейін және вакцина туралы деректерді ақпараттық жүйеге енгізгеннен кейін eGov мобильді қосымшасында студенттерде вакцинаның электронды паспорты, сондай-ақ, қағаз жеткізгіште КВИ-ға қарсы вакцинация туралы анықтама жасалады.

Емделуге кететіндер кімге жүгінеді?

Шетелге емделуге жіберілгендер, сондай-ақ, оларды алып жүретін адамдар медициналық ұйымға Қазақстаннан тыс жерлерде емделуі керек екенін растайтын құжатты ұсынуы қажет. Осы құжаттар негізінде медицина қызметкері ДДСҰ мақұлдаған вакцинаны алуға рұқсат беріп, деректерді ақпараттық жүйеге енгізеді.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын қайтадан аяқтағаннан кейін eGov мобильді қосымшасында вакцинаның электронды паспорты, сондай-ақ, қағаз тасығышта КВИ-ға қарсы вакцинация туралы анықтама жасалады.

Шетелде Қазақстан атынан шығатын тұлғалар кімге жүгінеді?

Қазақстанның мүддесін халықаралық деңгейде көрсету мақсатында шетелге шығатын адамдар тиісті ведомствоға немесе мемлекеттік органға (БҒМ, МСМ және басқа да министрліктер) жүгінуі қажет. Ол осы мәселені ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберіледі.

ВАК хаттамасының негізінде Денсаулық сақтау министрлігі вакцина алуы қажет адамдардың тізімін денсаулық сақтау басқармаларына жібереді.

Медициналық ұйымдар осы адамдарға вакцинаның толық курсын қайта жүргізеді және ақпараттық жүйеге мәліметтер енгізеді. Вакцинаның толық курсын қайта салдырғаннан кейін eGov мобильді қосымшасында вакцинаның электронды паспорты, сондай-ақ, қағаз тасығышта КВИ-ға қарсы вакцинация туралы анықтама жасалады.

Қазақстандықтар шетелге шығу үшін ДДСҰ мақұлдаған қандай вакциналарды алады?

  • COVID-19-ға қарсы (Vero Cell), белсенді емес (Sinopharm).
  • VeroCell-ді алғаш рет вакцина алып жатқан барлық қазақстандық салдыра алады;
  • VeroCell-ді шетелге шығатын қазақстандықтар қайта (1 және 2 доза) салдыра алады.
  • VeroCell - екі дозадан тұратын вакцина. Шетелге шығу үшін 21 күннен кейін екі компонентті алу керек.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі әр елдің өз талаптары бар екенін ескертті, мысалы, екінші компоненттен кейін белгілі бір кезеңді күту қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517  course down  587.02  course down  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro