Шығыс Қазақстан облысында қызметіне салғырт қараған 5 Бас дәрігер жұмыстан кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпарат орталығына сілтеме жасап. Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасының кеңейтілген отырысында белгілі болды.

Орталықтың мәліметінше, биыл 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы өз мәресіне жетеді. Алайда бұл аймақтағы денсаулық сақтау саласында түйткілді мәселе көп. Мысалы, Глубокое ауданында жұқпалы аурулардың таралуына байланысты жағдай күрделі. Ал Тарбағатай мен Күршім ауданындарында ана өлімі көбейіп кеткен.
"Аягөз, Көкпекті, Шемонаиха аудандарында бала өлімінің көрсеткіші әлі де түспей тұр. Жалпы аймақта өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда биылғы жарты жылда ана өлімі 67 пайызға артқан", - дейді орталықтағылар.
Сонымен қатар, Тарбағатай, Зайсан, Көкпекті аудандарында жұқпалы дертке қатысты жағдай ушығып тұр. Құрт ауруынан өлім-жітім Өскемен, Глубокое, Жарма, Ұлан аударында жоғары. Осыған байланысты, қызметтері сын көтермеген 5 ауданның Бас дәрігерлерінің ісі ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының тәртіптік кеңесінде қаралатын болды, тағы 7 ауданның Бас дәрігеріне қатаң сөгіс жариялануы мүмкін. Егер сын түзелмесе, оларға да шара қолданылмақ.