Нью-Йорктегі Рокфеллер университетінің нейробиологтары бас миындағы никотинге сезімтал және бұл затқа тәуелділік тудыруға қатысты нейрондар тобын анықтады. Бұл заттардың белсенділігін басу никотинге тәуелділікті төмендетеді, - деп хабарлайды Science Alert.

Зерттеу кезінде тышқандарға тәжірибе жасалды. Оларға суға езілген никотин беріп отырған. Бұл заттың әсерінен бас миының екі бөлігінің байланысы бары анықталды - эпиталамус тізгінінің медиалды тұсы мен интерпедункулярлы өзек.
Олардың нейрондарында қан арқылы келген никотинмен байланысатын ақуыз рецепторлар бар. Никотиннің ұзақ уақытты әсерінен интерпедункулярлы өзекте өзгеше нейрондар жиналып қалады екен.
Өсімдік алкалоидын пайдалану өзекке белгі беріп, никотиннен алатын ләзәтты азайтады. Бұл өз кезегінде пайдалануды шектей алады. Алайда Amigo1 аталатын өзек жасушасының алкалоидқа тәуелділігі қалыптасады. Aл Аmigo1 жасушасының белсенділігін басу алкалоидқа тәуелділіктен құтқарады.