Шымкентте 8 жастағы баланың асқазанынан бір бума шаш шыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте 8 жастағы баланың асқазанынан бір бума шаш шыққан Фото: Шымкент Денсаулық сақтау басқармасы

Шымкентте 8 жастағы баланың асқазанынан бір бума шаш алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.


Шымкентте 8 жастағы баланың асқазанынан бір бума шаш алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Шымкент балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне 8 жастағы бала түскен. Оның 7 тәулік бойы іші аурып, тәбеті болмай және құсу белгілері болған. Әжесінің айтуынша, бала соңғы күндері тамақтан бас тартқан.

Дәрігерлер тексеру барысында іш қуысын пальпациялау кезінде асқазан тұсынан бөгде түзілісті анықтаған. Жүргізілген инструменталды зерттеулер нәтижесінде асқазанда бөгде дененің бары белгілі болды.

Бала шұғыл түрде отаға алынып, хирургиялық араласу барысында асқазаннан ірі көлемде шаш жиынтығы алынған. Дәрігерлердің айтуынша, шаштың өлшемі шамамен 12-15 сантиметр, ал салмағы шамамен 300 грамм болған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы бірқалыпты, медициналық бақылауда.

Мұндай жағдай медицинада трихобезоар деп аталады. Бұл – асқазанда жиналған шаш массасы. Аталған сырқат салыстырмалы түрде сирек кездеседі және көбіне балаларда, жасөспірімдерде, сондай-ақ 30 жасқа дейінгі жас әйелдер арасында байқалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети