12 шілде 2023 | 11:00

Шымкенттік белгілі трансплантологқа қатысты жанжалға министр пікір білдірді

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абылай Донбайдың Facebook желісіндегі суреті Абылай Донбайдың Facebook желісіндегі суреті

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Шымкентте белгілі трансплантолог пен денсаулық сақтау басқармасы арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Шымкентте белгілі трансплантолог пен денсаулық сақтау басқармасы арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бас дәрігерлерді тағайындау - бұл жергілікті өзін-өзі басқару мен мемлекеттік мүлік туралы заң шеңберіндегі әкімдіктердің құзыреті. Еңбек шартының бұзылуына байланысты әкімдік қарайтын болады. Ол жоғары деңгейлі маман, трансплантолог болғандықтан, мұндай мамандар хирургия бөлімі және трансплантология лицензиясы бар барлық медициналық ұйымдарға қажет. Сондықтан біз осындай кадрларды қолдаймыз. Менің ойымша, ол жұмыссыз қалмайды", - деді министр.

Ол министрліктен трансплантологпен ешкім сөйлеспегенін мәлімдеді. Министр Денсаулық сақтау басқармасына қоңырау шалып, ол туралы мәселені қатаң түрде заң аясында шешуді талап етті.

"Осындай кадрлардың кетуіне жол бермеу үшін бүгінде Мәжілісте үлкен жауапкершілік жүктелетін салада қызмет ететін жоғары деңгейдегі мамандарды қолдауға арналған заң жобасы әзірленіп жатыр", - деді министр.

Еске сала кетейік, 11 шілде күні Шымкенттегі белгілі трансплантолог-хирург Абылай Донбай жұмыстан шығатыны туралы мәлімдеген еді. Ол денсаулық сақтау басқармасы басшысының қысымына байланысты трансплантациялау операцияларын жүргізбейтінін хабарлады. Оның айтуынша, оған тыныш жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.87   523.31   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети