"Шынымен бұрмалау" - ДСМ Damumed қосымшасындағы жалған хабарламалар туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шынымен бұрмалау" - ДСМ Damumed қосымшасындағы жалған хабарламалар туралы Фото: elements.envato

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Damumed қосымшасына байланысты жанжал шыққан хабарламаларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Damumed қосымшасына байланысты жанжал шыққан хабарламаларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы күндері әлеуметтік желілерде пайдаланушылар медициналық қызметтердің ақпараттық жүйесін талқылап жатыр. Жүйеде науқасқа көрсетілмеген қызмет туралы мәлімет жазылған. Бұл - шынымен бұрмалау, қазір оны тексеріп жатырмыз. Азаматтардың белсенді болуының арқасында жүйенің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ете аламыз және болашақта қайталанбауы үшін олқылықтарын анықтаймыз. ДСМ, МӘМС-тегілер олқылықтарды түбегейлі жоюды көздеп отыр", - деді ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, ақша үш есе көп болып қайтарылған және салымшылар қаражатының сақталуына алаңдамауға болады.

Еске салайық, Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко әлеуметтік желіде Damumed қосымшасында дәрігерлерге жазылмаған адамдарды жазылған деп көрсетілген тізімге қатысты наразалық білдірген болатын. Ол компания басшысы денсаулық сақтау министрінің жалақасынан екі еседей көп алатынын айтқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети