"СҚ-Фармация" қоймасында коронавирустан емдейтін 12 дәрі жетпей тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"СҚ-Фармация" қоймасында коронавирустан емдейтін 12 дәрі жетпей тұр Фото: elorda.info

"СҚ-Фармация" қоймаларында коронавирустан емдейтін қордағы дәрінің 12 түрі жоқ. Бұл туралы "Астана - адалдық алаңы" жобасының жетекшісі Мирас Шекенов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"СҚ-Фармация" қоймаларында коронавирустан емдейтін қордағы дәрінің 12 түрі жоқ. Бұл туралы "Астана - адалдық алаңы" жобасының жетекшісі Мирас Шекенов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 26 қазанда "Астана - адалдық алаңы" жобасы аясында елордалық антикор қызметі, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, қалалық әкімдік, " ҚР "Фармацевтика қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы" ЗТБ филиалының мамандары "СҚ-Фармация" ЖШС қоймаларындағы қорын тексерген.

Қазір 8,2 миллиард теңге тұратын дәрінің 44 түрін сатып алу процесі жүріп жатыр. Бұл ай ішінде 60 мың науқасты емдеуге көмектеседі. "СҚ-Фармацияның" мәліметінше, қорда 44 түрлі дәрі болу керек.

"Мониторинг тобы қоймада дәрінің 32 түрі сақталғанын анықтады. Қорда болуы тиіс 12 позиция жоқ, ал бес түрлі дәріні жеткізудің шарты мүлдем жоқ", - деді Мирас Шекенов. 

"СҚ-Фармация" өкілі А. Салиевтің айтуынша қорда болуы тиіс дәрілік зат осы жылдың 20 қарашасына дейін жеткізілуі керек", - деді Шекенов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети