"Спутник V" әзірлеушілері жүкті әйелдерге вакцина салу бойынша нұсқаулық жариялады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ресейлік ғалымдар жүкті және бала емізетін әйелдерге коронавирус инфекциясына қарсы "Спутник V" вакцинасын салу бойынша жаңартылған ұсыныстарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік ғалымдар жүкті және бала емізетін әйелдерге коронавирус инфекциясына қарсы "Спутник V" вакцинасын салу бойынша жаңартылған ұсыныстарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мedum.ru сайтында жарияланған COVID-19-ға қарсы "Спутник V" вакцинасына арналған жаңартылған нұсқаулықта, жүктілік және бала емізу кезінде препаратты қолдануға қатысты ақпарат пайда болды.

Жүктілік кезінде препаратты клиникалық қолдану тәжірибесі әлі жоқ екені атап өтілді.

"Вакцинаның жануарларға репродуктивті әсерін зерттеу барысында оның жүктілікке, эмбриофеталдық дамуына және ұрпақтардың перинаталдық дамуына теріс әсері анықталған жоқ. Осыған байланысты Гам-КОВИД-Вак препаратын жүктілік кезінде анаға пайдасы ұрық үшін ықтимал қауіптен көбірек жағдайларда ғана қолданған жөн", - делінген хабарламада.

Құжатта "Спутник V" вакцинасын салдырған ананың емізетін баласына жағымсыз салдардың қаупін жою мүмкін емес екені баса айтылған.

"Гам-КОВИД-Вак препаратын бала емізетін әйелдерде қолдану бойынша клиникалық деректер жоқ. Емшек сүтін еметін нәрестелер үшін қауіптің барын жоққа шығару мүмкін емес. Осыған байланысты Гам-КОВИД-Вак препаратын емізу кезеңінде қолдануға болмайды", - делінген сайтта.

Еске салайық, бұған дейін Ресейде жүкті әйелдерге "Спутник V" алуға рұқсат етілгені белгілі болды. Ал Қазақстанда әзірге жүктілік және бала емізу кезінде вакцина салу қарсы көрсеткіш.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro