01 қараша 2021 09:49

"Спутник V" әзірлеушілері вакцинаның үшінші дозасы қалай әсер ететінін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © ️ engrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: © ️ engrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ұлттық ғылыми орталығының директоры Александр Гинцбург үш рет екпе алғандарда "Спутник V" вакцинасына қатысты шағым болмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ұлттық ғылыми орталығының директоры Александр Гинцбург үш рет екпе алғандарда "Спутник V" вакцинасына қатысты шағым болмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Қазір жанама әсер туралы шағымдар мүлде жоқ", - деді Гинцбург, "Спутник V" вакцинасының үшінші дозасы қалай әсер етеді деген сұраққа жауап бере отырып.

Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан халқын иммундау жөніндегі консультативтік комиссиямен бірлесіп, азаматтарды коронавирусқа қарсы ревакцинациялау тәсілдерін әзірлегенін хабарлаған болатын.

Ревакцинацияны 6-9 айдан кейін жасау ұсынылды, оның ішінде: 

  • векторлы вакцина (Спутник) салдырғандарға - 9 айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ-вакцина (Pfizer) салу ұсынылады;
  • инактивтелген вакцина (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) салдырғандарға - 6 айдан кейін векторлы (Спутник) немесе м-РНҚ-вакцина (Pfizer) салдыру ұсынылады;
  • м-РНҚ вакцина (Pfizer) салдырғандарға - 6 айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлы (Спутник) вакцина салдыру ұсынылады;
  • вакцина курсынан кейін коронавирус жұқтырғандарға - аурудан айыққаннан кейін үш айдан соң салдыру ұсынылады.

"Осылайша, ревакцинацияны биыл қарашаның III онкүндігінде бастау жоспарланып отыр. Ревакцинация жасау контингенті: қауіпті топтағы адамдар (медицина қызметкерлері, педагогтер, МӘМ және жабық мекемелердің қызметкерлері мен контингенті, әлеуетті құрылымдардың қызметкерлері); 60 жастан асқандар; өз бетінше зерттеуден өткен және коронавирус антиденелеріне теріс тест нәтижесі бар адамдар", - деді Алексей Цой. 

Ревакцинация үшін вакцинаның бір дозасы салынады.  

Бұл мәселе коронавирус таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында шығарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети