19 маусым 2021 | 12:10

"Спутник V" әзірлеушісі вакцина неліктен бедеулікке әкелмейтінін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасы болашақта бедеулікке әкелмейді, өйткені препарат аденовирус негізінде жасалған, адамзат онымен бұрыннан өмір сүріп келеді. Бұл туралы Гамалея атындағы Ресей эпидемиология және микробиология орталығының директоры Александр Гинцбург мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Иконка комментария блок соц сети

"Вакцина эволюциялық тұрғыдан да, заманауи медицинаны бақылау тұрғысынан да теріс әсер етпейді", - дейді Гинцбург.

Ол Спутник V вакцинасындағы "I компонент" пен "II компонент" аденовирус 26 және аденовирус 5 негізінде жасалғанын, бұл екі вирус та адам популяциясында бұрыннан пайда болғанын атап өтті.

"Осы уақыт ішінде адамзат 7,5 миллиардқа дейін көбейгенін білеміз. Осы екі вирусқа ешкімде ешқашан күдік болған емес. Олар біздің ағзамызда бар және сіз де, мен де оны әртүрлі дәрежеде жедел респираторлық инфекциялар түрінде ондаған рет жұқтырдық", - деді Гинцбург.

Ол бірде-бір медициналық хаттамада одан бедеулік тіркелмегенін айтты. 

Еске салайық, қазір Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның төрт түрі бар - қазақстандық QazVac, ресейлік "Спутник V", қытайлық Hayat-Vax және CoronaVac. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети