11 ақпанда Қытай Халық республикасының барлық провинциясында коронавирустың жаңа түрімен ауырудың 42 648 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 1016-сы өліммен аяқталды. Өлім көрсеткіші 2,3 пайыз, 3996 адам - 9,3 пайыз аурудан жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшинге сілтеме жасап.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, әлемдегі 27 елде коронавирустың жаңа түрімен сырқаттанудың 448 расталған жағдайы тіркелген.
"Бұл ретте Қытайда сырқаттанудың өсу қарқыны 31 қаңтардан бастап, 11 ақпан аралығында 3,6 есе немесе 22 пайыздан 6,1 пайызға дейін төмендеді. Бұл Қытайда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталу үрдісі байқалғанын көрсетеді. Сонымен қатар, басқа елдерде коронавирус инфекциясы мен сырқаттанудың өсуі 3,8 пайыздан 27,8 пайыз аралығында", - деді Жандарбек Бекшин.
Оның айтуынша ҚХР-дан келген 30 852 адам бүгінгі таңда температура мен жіті респираторлық вирустық симптомдары бар 140 адам емдеуге жатқызылғанын айтты.
"Республикада коронавирустық инфекцияны әкелу мен таралуына жол бермеу мақсатында осы жылдың 6 қаңтарынан бастап, мемлекеттік шекара арқылы өтетін барлық пунктінде барлығы 200 мың адам оның ішінде Қытай Халық Республикасынан келген 30 8252 адам бүгінгі таңда температура мен жіті респираторлық вирустық симптомдары бар 140 адам емдеуге жатқызылды. Оның 113-і сауығып шықты. 27-сі стационарда жатыр. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Емдеуге жатқызылған адамдардың ешқайсынан коронавирус анықталған жоқ", - деп түйіндеді ол.