Облыстық аурухана қызметкері ресейлік "Спутник V" вакцинасын қабылдағаннан кейін есінен танып қалды. Бұл туралы Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық аурухана қызметкері ресейлік "Спутник V" вакцинасын қабылдағаннан кейін есінен танып қалды. Бұл туралы Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бөлім өкілдері медбикеде әлсіздік байқалғанын, ал талып қалуының себебі жүйкесінің сыр беруінен екенін хабарлады.
"2021 жылы 2 ақпанда ШЖҚ "Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана" КМК-да жұмыс істейтін А. есімді медицина қызметкерінің "Спутник V" вакцинасын алғаннан кейін артериялық қысымы сынап бағанасында 140/100 миллиметрге дейін көтерілген. Екпеден кейін қысымның көтерілгенін байқап, пациентке 103 "Жедел жәрдемі" шақырылды. Ол ауруханаға жеткізіліп, қабылдау бөлімінде бір сағатқа жуық бақылауда болды", - деп хабарлады облыстық ҚДСБ баспасөз қызметіндегілер.
Қазір медбикенің жағдайы қалыпқа келгені хабарланды.
"Қалыпты гемодинамикалық көрсеткішке байланысты ауруханаға жатқызу міндетті емес. Қан қысымының жоғарылауы пациентінің қатты қобалжуының әсерінен болған. Қазіргі уақытта медбике жұмысына кірісті, жағдайы қанағаттанарлық", - деп толықтырды баспасөз қызметі өкілдері.
Еxclusive.kz басылымының мәліметіне сүйенсек, оқиғадан кейін №2 емхананың дәрігерлері вакцинациядан бас тартты. Бірақ оларды "жұмыстан шығарамыз" деп қорқытқан.
"Шынымды айтсам дәрігердің бәрі вакцина қабылдаудан бас тартты. Бірақ көбісіне: "жұмыстан шығарамыз" деді. Кейбіреуі жұмыстан кетуге дайын екенін айтты", - деп жазады мақала авторы.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер медициналық мекеме бас дәрігерінің сөзіне сілтеме жасап, бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Аурухана басшылығы тарапынан ешқандай қорқыту болған жоқ. Вакцина қабылдау ерікті түрде жүргізіліп жатыр, ешкімді мәжбүрлемеді", - деді департаменттегілер.
Айта кетейік, 1 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен Қазақстанда "Спутник V"-мен ерікті вакцинациялау науқаны басталды.
Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде бірінші болып "Спутник V" ресейлік вакцинасын салдырды.
Сондай-ақ, "Спутник V" вакцинасын қолдануға қарсы көрсетілімдер белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!