Таңғы асқа жұмыртқамен бірге қуырып жеуге қауіпті тағамдар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таңғы асқа жұмыртқамен бірге қуырып жеуге қауіпті тағамдар анықталды © racion.net

Шетелдік диетологтар таңғы асқа жұмыртқамен бірге шұжық немесе шошқа етін қуырып жеуден бас тартуға шақырады. Ұзақ уақыт таңертең осылай тамақтану адамды күні бойы қуаттандырады деп есептеліп келген, - деп жазады "МедикФорум".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелдік диетологтар таңғы асқа жұмыртқамен бірге шұжық немесе шошқа етін қуырып жеуден бас тартуға шақырады. Ұзақ уақыт таңертең осылай тамақтану адамды күні бойы қуаттандырады деп есептеліп келген, - деп жазады "МедикФорум".

Стокгольмдегі Каролин университетінің қызметкерлері таңғы асқа күнделікті аз да болса қуырылған ет жеу ұйқы безінің обырын тудырыуы мүмкін екенін айтады. 

"Таңғы асқа күнделікті 50 грамм қызыл ет жеу ұйқы безі обыры қаупін 19 пайызға артырады, ал 100 граммы бірден 40 пайызға арттырып жібереді екен", - дейді шведциялық ғалымдар. 

Сонымен қатар, Гарвард университетінің ғалымдары да шошқа етін үнемі жеу мен инсульт арасындағы байланысты сараптап көрді. Осылайша, олар күніне 360 грамм қуырылған ет (шошқа еті) ер адамдарда инсульт қаупін 28 пайызға, ал әйелдерде - 19 пайызға арттыратынын анықтаған, бұл осындай етті 90 граммға кем жейтіндермен салыстырғанда. 

Осыған байланысты дәрігерлер таңғы асқа қайнаған жұмыртқа немесе тауық етін қуырмай жеуді ұсынды. 

Оның үстіне тауық жұмыртқасы әйелдер денсаулығына пайдалы болып келеді екен. "Қолда бар ғылыми мәліметтер бойынша, аптасына алты жұмыртқа ейтін әйелдерде сүт безі обырының қаупі 44 пайызға төмендейді", - делінген мақалада. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети