08 ақпан 2022 | 09:15

Тоқаев емдетуге тапсырма берген бала Түркияда ауруханаға түсті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Facebook / Asseliya0505 Фото: Facebook / Asseliya0505

Жүйке-бұлшықет ауруына шалдыққан 15 жастағы Аңсар Нұржанов Түркияның Алания қаласындағы ауруханаға түсті. Жасөспірімнің анасы оны түрік емханасында емдететін ақшаны төлей алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жүйке-бұлшықет ауруына шалдыққан 15 жастағы Аңсар Нұржанов Түркияның Алания қаласындағы ауруханаға түсті. Жасөспірімнің анасы оны түрік емханасында емдететін ақшаны төлей алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әсел Нұржанова ұлының көңіл-күйін көтеріп, асқынып бара жатқан дерттен көңілін алаңдату үшін туған күніне Аланияға алып барды. Ол теңіз ауасы мен суы оған әсер етеді деп үміттенді. Алайда күтпеген жағдай болды. Соқырішекке байланысты Аңсар Нұржановқа ауруханаға шұғыл жеткізіліп, ота жасалды.

"Ауру Аңсарды жеп жатыр. Оны теңізге әкелдім, аздап жеңілдесе екен деймін. Өйткені үйден ешқайда шықпайды. Бірақ Аңсар кенет ауырып қалды. Соқырішек болып шықты. Операциядан кейін қаннан инфекция табылды. Ауруханадамыз, емделуге арналған қаржыны күтемін. Әзірге ол - 300 мың теңге. Бірақ емді жалғастырамыз және бұл сома нақты соңғы сома емес. Мұнда ауруханадан шығар кезде айтады. Көп бола ма деп қорқамын. Сонымен қатар, дәрігерлер ұлымды әлі әкетуге болмайтынын айтты. Яғни, мұнда тағы бірнеше ай тұруымыз керек. Ал менде ақша тек кері билет пен күнделікті шығынға ғана қалды", - деді Әсел Нұржанова.

Фото: Facebook / Asseliya0505

Сондай-ақ, ол ұлы емделуі үшін АҚШ-қа апарғысы келетінін айтты.

"Аңсар туралы бірінші мақала жарияланғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев назар аударды. Ол бізге көмектесуді және Аңсарды емдетуді тапсырды. Бірақ Қазақстанда ешқандай ем көрсетілмеді. Иә, бізге бірнеше жыл сұраған "Аталурен" дәрі-дәрмегі берілді. Осымен бітті. Бізге бей-жай қарамайтын қазақстандықтар көмек пен материалдық қолдау көрсетті. Оларға рақмет! Аңсар мен оның жағдайы үшін пәтерімді сатуға және орнына кішігірім әрі төменгі қабаттан сатып алуға тура келді. Жұмыс істей алмаймын, өйткені оған үнемі көмек қажет. Бірақ мұның бәрі ұсақ-түйек, бастысы - баланың қалпына келуі. Қазір бізді америкалық клиника қабылдауға дайын, бірақ тексеріс пен емдеу қымбат және ұзақ. 200 мың АҚШ доллары қажет. Мұндай соманы жинай алмаймын. Сондықтан Президентке, "Қазақстан халқына" қорына, жерлестеріме тағы да үндеу жолдаймын. Ұлымды құтқаруға көмектесіңіздер", - деп сұрайды Әсел Нұржанова.

Аңсар Нұржановқа көмек көрсетуге арналған деректерді ол Instagram және Facebook парақшаларында жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети