Тоқаев жаппай вакцинациялау мәселесі бойынша арандатушылыққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев жаппай вакцинациялау мәселесі бойынша арандатушылыққа жауап берді Фото ©REUTERS

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау мәселесі бойынша тараған арандатушы хабарламалар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау мәселесі бойынша тараған арандатушы хабарламалар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дағдарысты еңсерудің ең тиімді жүйелі шарасы жаппай вакцинациялау. Бұл арандатушылар айтқандай мәжбүрлі вакцинация жасалады дегенді білдірмейді. Бірақ халық вакцинация - қиын жағдайдан шығудың бірден-бір жолы екенін түсінуі керек.

Әрине, вакцинация сапалы жүзеге асу үшін барлық жағдай жасалуы ерек. Сонымен қатар, ұйымдасқан түрде жүргізілуі керек. Дайындық жұмыстарын бақылау барысында вакцина сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықтарының жетіспейтіні анықталды. Күрделі жағдай Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Түркістан облыстарында қалыптасқан", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент үкіметке әкімдермен бірлесе отырып толыққанды дайындықты қамтамасыз етуді және 1 ақпаннан бастап жаппай вакцинациялауға кірісуді тапсырды.

Сонымен қатар, Тоқаев коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина сәтті сынақтан өткен жағдайда вакцина салдыратынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети