Ұлттық ғылыми медициналық орталық Наполеон орденімен марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық ғылыми медициналық орталық Наполеон орденімен марапатталды Астанадағы ұлттық ғылыми медициналық орталықтың ба сдиректоры Абай Байгенжин. ©ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі

Астанадағы ұлттық ғылыми медициналық орталық Наполеон орденімен, ал мекеменің бас директоры Абай Байгенжин "Медицина маршалы" атағына ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің
баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы ұлттық ғылыми медициналық орталық Наполеон орденімен, ал мекеменің бас директоры Абай Байгенжин "Медицина маршалы" атағына ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің
баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық ғылыми медициналық орталықты Наполеон орденіне Франция мемлекеті ұсынды. Орталықтың бас директоры Абай Байгенжиннің айтуынша, ұйым мұндай сыйлықтарды бұған дейін Швейцария мен Ұлыбританиядан алған. "Еуропа мен Батыс елдерінің еңбегімізді мойындауы, әрине, қуанышты жайт. Тұтас алғанда, бұл - Қазақстанның медицина саласындағы жалпы жетістігін мойындауы", - деді Абай Байгенжин.

Наполеон ордені - экономика, білім және медицина саласындағы ерекше еңбегі үшін берілетін беделді жүлде. Ол 1801 жылы Наполеон Бонапарттың декреті бойынша тағайындалған. Бұл орден 1886 жылы Густаво Эйфельге (өзі аттас мұнара құрылысы үшін), 1833 жылы Бен Фурнейроға (гидравликалық турбинаны ойлап тапқаны үшін), 1873 жылы Луи Пастерге (өзінің есімін иеленген ферментизация үрдісін ойлап тапқаны үшін) табыс етілген. Қазіргі уақытта аталған жүлдеге ие болғандардың қатарында Michelin, Peugeot, Dassault, Matra, Renault сияқты әлемге әйгілі компаниялардың, оның ішінде ұлттық және халықаралық деңгейде жетістіктерге қол жеткізген ірі компаниялардың басшылары бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети