Ұлттық менталитет пен алкоголизмнің байланысы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық менталитет пен алкоголизмнің байланысы анықталды © lechebnaya-lavka.com.ua

Алкоголизм мене адам басына шаққанда ішімдікті көп пайдалану индивидуалистік менталитет басым елдерге тән екен. Ғалымдардың бұл тақырыптағы зерттеуі Frontiers in Psychology журналында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алкоголизм мене адам басына шаққанда ішімдікті көп пайдалану индивидуалистік менталитет басым елдерге тән екен. Ғалымдардың бұл тақырыптағы зерттеуі Frontiers in Psychology журналында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости

Алкогольді тұтыну не тұтынбау дәстүрі - әрбір халық пен мәдениеттің ерекше қыры. Ғалымдардың пайымынша, осы дәстүрдегі айырмашылық - кей елдерде (Литва, Финляндия және Ресей) адамдардың неліктен айтарлықтай көп ішіп, жиі маскүнем болып жататынын анықтайды екен. 

"Біздің зерттеу ДДСҰ және БҰҰ-ның өзге де ағза мүшелеріне алкоголизммен тұрғындары дәстүрді ұстанушы емес, индивидуалист болып келетін елдерде белсендірек күресу керектігін көрсетіп отыр. Болашақта мәдени құндылықтар алкогольді тұтынуға тікелей әсер ететінін ескеру керек", - дейді Портудағы Лусиада университетінің ғалымы Ричард Инмэн.

Ал өзге халықтар, мәселен, үнділер, израйльдіктер мен индонезиялықтар ішімдіктің қолжетімділігіне қарамастан оны мүлде пайдаланбайды десе де болады. Мәдени өзгешіліктермен бірге, ген құрамының ерекшелігі де бұған себеп болуы мүмкін. Әзірге мұның қайсысы басым екені анықталған жоқ. 

Инмэн және оның әріптестері 74 елде сауалнама жүргізген. Бұл елдердің тұрғындарына олар үшін қандай мәдени құндылықтар аса маңызды және ішімдікті пайдалану жиілігі қандай деген сұрақтар қойылыпты. Британиялық және португалиялық ғалымдардың бұл сауалнамасы, адамның жеке тұлғалығын жоғары қоятын елдерде ішімдікті көбірек пайдаланатынын, ал ұжымдық құндылықтар сақталған елдерде ішімдікті аз пайдаланатынын көрсетіп отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети