Ұлыбританиялық ғалымдар алғаш рет ересек адамды АИТВ-вирусынан емдеп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялық ғалымдар алғаш рет ересек адамды АИТВ-вирусынан емдеп алды © news.rambler.ru

Ұлыбританияда алғаш рет ересек адам АИТВ вирусынан сауығып кетті. Бұл жайт туралы Оксфорд және Кембридж университеттері, Лондонның Университеттік және Корольдік коледждерінің дәрігерлері мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританияда алғаш рет ересек адам АИТВ вирусынан сауығып кетті. Бұл жайт туралы Оксфорд және Кембридж университеттері, Лондонның Университеттік және Корольдік коледждерінің дәрігерлері мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru.

44 жастағы ер азамат арнайы вирусқа қарсы терапия қабылдаған 50 кісінің ішінде сәтті емделген алғашқы адам. Ғалымдар жаңа әдістің АИТВ вирусын адам ағзасындағы белсенді жерлерде ғана емес, өне бойынан толық жоюға мүмкіндік беретіндігін атап өтті. 

The Sunday Times басылымының жазуынша, стандартты вирусқа қарсы терапия тек белсенді жасушаларды басып, зақымданған басқа T-лимфоциттерге әер етпейді. Осылайша, қолда бар дәрілер АИТВ-вирусының белсенділігін ғана бақылауда ұстайды да, одан толық айықтырмайды. Дегенмен, ғалымдар жаңа әдіс тәжірибеден өткізіліп жатқанын және әлі жаппай клиникалық қолданысқа арналмағанын атап өтті.

ДДҰ мәліметі бойынша, 2014 жылы 37 миллиондай адам АИТВ жұқтырған. Осы дерттен 34 миллион адам көз жұмған. Бұл дерттен жыл сайын 1,5 миллион адам көз жұмып, 2,2 миллион адам вирус тасушысы болады екен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети