Ұлыбританиялық сарапшылар коронавирус пандемиясына болжам жасады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялық сарапшылар коронавирус пандемиясына болжам жасады Сурет: Тengrinews

Ұлыбритания сарапшылары әлем жылдар бойы жаңа коронавирусты эндемиялық ауру ретінде қабылдап өмір сүруді үйренуі керек деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания сарапшылары әлем жылдар бойы жаңа коронавирусты эндемиялық ауру ретінде қабылдап өмір сүруді үйренуі керек деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметінің болжамы бойынша, SARS-CoV-2 таралу қарқынын сақтайды деп күтіліп отыр, бірақ тұмау және басқа тыныс жолдарының инфекциясы сияқты суық мезгілде "маусымдық әсерге" байланысты болады.
Ғалымдар вакцинаның арқасында COVID-19 тұрақты деңгейге өтеді деп үміттенеді.

"Вирустың бүкіл әлемде таралу ауқымын ескере отырып, қазір қоғамның вирусты бір уақытта қалай басып, онымен бірге өмір сүріп, жылдар бойы эндемиялық күйге жетуі туралы ойлануымыз керек", - делінген құжатта.

Джонс Хопкинс университетінің есептеуінше, бүкіл әлемде SARS-CoV-2 жұқтырғандардың саны пандемия басталғаннан бері 253 миллионнан асты, бес миллионнан аса адам қайтыс болды.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) COVID-19 таралу қарқыны Еуропа мен Орталық Азияның кез   келген елінде рекорд орнататынын ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети