Үндістан COVID-19-ға қарсы вакцина экспортын қайта бастады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістан COVID-19-ға қарсы вакцина экспортын қайта бастады

Үндістан коронавирусқа қарсы вакцина экспорты мен жеткізу ауқымы үлкейгені туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістан коронавирусқа қарсы вакцина экспорты мен жеткізу ауқымы үлкейгені туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Экспорттың қалпына келуі Үндістанда халықтың көп бөлігі коронавирусқа қарсы екпе алуымен байланысты болып отыр, ал ішкі қор жинақталып жатыр.

©REUTERS

Өткен аптада Үндістан Иранға Bharat Biotech үнді компаниясы шығарған Covaxin вакцинасының миллион дозасын жіберді. Вакцина Непалға да жіберілген. Жалпы, Үндістан шамамен 4 миллион доза экспорттады.

©REUTERS

COVID-19-ға қарсы ұлттық жұмыс тобының жетекшісі доктор Винод Кумар Пол Үндістан өзге мемлекеттерді вакцинамен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруға дайын екенін айтты.

Оның айтуынша, Үндістанның Сарысу институты тамыз айындағы 150 миллионға қарағанда айына 220 миллион Oxford AstraZeneca вакцинасын шығарады, ал Bharat Biotech вакцинасына 30 миллион инъекция береді, ол келесі айда 50 миллионға жетеді деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, әлемдегі ең ірі вакцина өндіруші Үндістан 2021 жылы наурызда елдегі коронавирустың тез өршуіне байланысты экспортты толығымен тоқтатты. Содан кейін Үндістан бұл аурудан қайтыс болғандар саны бойынша алдыңғы орынға шықты. Бұған дейін Үндістан 60 миллионнан астам екпені әлемнің 76 еліне экспорттаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети