Үндістанда 100 миллионнан аса адам коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алмаған

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда 100 миллионнан аса адам коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алмаған

Үндістанда 103,4 миллионнан аса адам COVID-19-ға қарсы вакцинаның екінші дозасын алуға келмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Telegraph India сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда 103,4 миллионнан аса адам COVID-19-ға қарсы вакцинаның екінші дозасын алуға келмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Telegraph India сайтына сілтеме жасап.

Елдің денсаулық сақтау министрі Мансух Мандавия көпшілік екпеден бас тартқан штаттар билігін мәселені шешуге шақырды. Оның айтуынша, келесі айдан бастап медицина қызметкерлері екпенің екінші дозасын алғысы келмейтіндерді табу үшін тексеру жұмыстарын бастайды.

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар екпе салу науқаны халықтың COVID-19-ды денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді деп қабылдамауынан баяулауы мүмкін деген алаңдаушылық білдірді.

"Туберкулезбен ауыратын науқастардың осындай алаңсыз екенін көрдік. Олар дәрі-дәрмектерді қабылдап бастайды, бірнеше аптадан кейін жақсарған кезде тоқтатып тастайды, ал негізі пациенттер дәріні алты ай ішінде қабылдауы керек. Екпе салдыртуға қатысты да дәл сондай. Ешкім ауырмағасын, олар бір доза да жеткілікті деп ойлайды", - деді Найнитал қаласының медицина қызметкері.

Үндістанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Уттар-Прадеште бірінші дозаны 97 миллион адам алды, ал екінші дозаны тек 31 миллион адам алды. Махараштрада 66 миллион бірінші дозаны алса, 30 миллионы екінші дозаны алды. Бенгалияда 53 миллионнан аса адам бірінші дозаны алды, ал 20 миллион адам екінші дозаны алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети