Үш күндік әлеуметтік демалыс: қазақстандықтар скрининг туралы жұмыс берушілер арқылы хабардар етілмек

Айнұр Қапышова
Айнұр Қапышова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш күндік әлеуметтік демалыс: қазақстандықтар скрининг туралы жұмыс берушілер арқылы хабардар етілмек Фото:depositphotos.com

Заң бойынша қызметкерлер профилактикалық скринингтен өту үшін үш күнге дейін әлеуметтік демалыс ала алады. Бірақ іс жүзінде бұл норма әрдайым жұмыс істей бермейді. Мәжіліс депутаттары мәселенің шешімін ұсынды, деп хабарлайды TengriHealth.


Заң бойынша қызметкерлер профилактикалық скринингтен өту үшін үш күнге дейін әлеуметтік демалыс ала алады. Бірақ іс жүзінде бұл норма әрдайым жұмыс істей бермейді. Мәжіліс депутаттары мәселенің шешімін ұсынды, деп хабарлайды TengriHealth.

Мән-жайы

Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлерге күнтізбелік жыл ішінде үш жұмыс күніне дейін ақылы әлеуметтік демалыс беруге міндетті. Алайда азаматтардың көпшілігі өз құқығы мен белгілі бір мерзімде тегін тексеруден өте алатынын білмейді.

Сондықтан адамдар скринингті өткізіп алмас үшін, Мәжіліс депутаттары Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтардың тізімін компаниялардың кадрлық жүйелерімен біріктіріп, eGov арқылы скрининг туралы еске салу хабарламасын жіберуді ұсынды.

Заң бойынша скринингтен өту кезінде қызметкердің жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады.

Алайда, депутат Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram-арнасында "бұл тетік толыққанды жұмыс істемей отырғанын" жазды.

"Көптеген азамат бұл құқық туралы да, скринингтен өту уақыты туралы да білмейді. Мұны азаматтардың жартысына жуығының, мысалы, онкологиялық скринингтен өтпейтіні көрсетіп отыр. Ал дәл осы тексерулер ауруларды ерте кезеңде анықтауға көмектеседі", - деп жазды Аймағамбетов.

Депутаттардың ұсынысы

Осыған байланысты депутаттар Еңбек кодексіне түзетулер енгізуді ұсынды: жұмыс беруші қызметкерлердің скринингтен өтуіне жағдай жасауы тиіс. Кадр қызметі бұл процесті ұйымдастырып, қызметкерлерге көмектесуі қажет.

Денсаулық сақтау министрлігі скринингтен өтетін азаматтардың тізімін кадрлық ақпараттық жүйелермен біріктіріп, азаматтарға eGov арқылы push-хабарлама немесе SMS жіберуді енгізу қажет.

Қазіргі уақытта түзетулер мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.55   555.73   5.81 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети