Үйде дәрі қорабында тұратын қауіпті бес препарат аталды, - деп хабарлайды НГС-Новосибирск.
Үйде дәрі қорабында тұратын қауіпті бес препарат аталды, - деп хабарлайды НГС-Новосибирск.
Бұл тізімде бірінші орында асқазан қыжылдаған кезде ішетін дәрі-дәрмектер тұр. Мамандардың айтуынша, бұл дәрілердің денсаулыққа зияны көп. Олар D дәрумені мен кальцийдің сіңуіне кедергі келтіреді.
Тізімдегі екінші орында ауырсынуды басатын дәрілер тұр. Терапевт Ирина Скороходованың айтуынша, аса зияны жоқ ибупрофеннің өзі асқазанның шырышты қабығына қатты зақым келтіреді.
Оларды жиі қолданғанда асқазан-ішектен қан кетуі мүмкін дейді. Әдеттегі анальгин де иммундық жүйеге қауіп төндіреді екен.
Үшінші орында - қысымды түсіруге арналған дәрілер. Дәрігерлердің айтуынша, оларды дәрігердің кеңесінсіз қабылдайтын адамдар инсульт алуы әбден мүмкін.
Төртінші орында аспирин тұр. Дәрігерлер оны қысым түсіру үшін ішетін адамдар бар екенін атап өтті. Алайда гипертензияда бұл препарат өте қауіпті: ол геморрагиялық инсульт қаупін сегіз есе арттырады дейді.
Сондай-ақ, В тобындағы витаминдер күшті аллергиялық реакцияны тудыруы мүмкін, сондықтан дәрігерлер оларды қауіпті дәрілер тізіміне қосты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!