Үйдегі карантин кезіндегі зиян сусындар аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үйдегі карантин кезіндегі зиян сусындар аталды Көрнекі сурет © pixabay.com

Ресейлік диетолог дәрігер Марина Макиша "Звезда" телеарнасына берген сұхбатында коронавирус эпидемиясында оқшаулану кезінде қандай сусындарды ішпеген дұрыс екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік диетолог дәрігер Марина Макиша "Звезда" телеарнасына берген сұхбатында коронавирус эпидемиясында оқшаулану кезінде қандай сусындарды ішпеген дұрыс екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ол, әрине, құрамында қант бар сусындар. Оған газдалған сусын, жеміс шырындары, квас жатады", - дейді дәрігер. 

Диетологтың сөзінше, құрамында қант бар сусындар адам иммунитетіне зиян және коронавирус кезінде оларды мейлінше қолданбауға тырысу керек. 

"Қант - кешенді қабынуды тудыратын және иммундық жүйеге жүктемені арттыратын өнім", - дейді Макиша. 

Дәрегрдің сөзінше, үй карантині кезінде адам организміне көбіне қарапайым су пайдалы. Күніне жарты литр ішу керек. Сонымен қатар, диетолог шай мен кофені жиі ішуге болатынын айтты. Алайда бұл сусындардың күшті болмауы және аз мөлшерде ішкен маңызды екен. 

Сондай-ақ, оқшаулану кезінде құрамында дәрумені көп шырындарды ішкен жөн. 

"Оған құрамында қант жоқ табиғи жидек морсы жатады", - деп түсіндірді дәрігер. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети