Ұзақ өмір сүрудің жеңіл тәсілі анықталды

20 Ақпан 2018, 11:43
0
© Homester
© Homester

Таза ауада үнемі бірқалыпты физикалық жаттығулар жасау егде адамдар арасындағы өлім-жітім қаупін азайтады. Ұлыбританиялық ғалымдардың зерттеуі British Journal of Sports Medicine журналында жарияланды. 

Зерттеу қорытындысы күнделікті жарты сағат серуендеу өлім-жітім қаупін 17 пайызға төмендететінін көрсетіп отыр. 

Зерттеу авторлары 1181 ер адамның денсаулық жағдайы мен өлім-жіті динамикасын бақылап келген. Зерттеу басталған уақытта ер адамдардың орташа жасы 78-ге жуықтаған еді. Әр адмды орташа есеппен бес жыл бақылап, зерттеу соңына дейін 194 адам көз жұмған. 

Мамамндар итпен серуенге шығу немесе бақшадағы жұмыс сияқты қарқынды физикалық жаттығулар да өлім-жітім қаупін төмендетеді, алайда, мұндай жаттығуларды егде адамдардың бәрі көтере алмайтынын атап өтті. Ал жеңіл дене жаттығуларының өмір ұзақтығына айтарлықтай үлес қосатынын белгілі болып отыр.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай