Ұзақ уақыт теледидар қараудың қаупі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұзақ уақыт теледидар қараудың қаупі аталды © Fotolia / lassedesignen

Ұзақ уақыт бойы теледидар алдында отыру көктамыр тромбозы пайда болу қаупін арттырады. Бұл туралы АҚШ--тағы Миннесота университетінің ғалымдары айтып отыр, - деп жазады РИА Новости Science Daily басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұзақ уақыт бойы теледидар алдында отыру көктамыр тромбозы пайда болу қаупін арттырады. Бұл туралы АҚШ--тағы Миннесота университетінің ғалымдары айтып отыр, - деп жазады РИА Новости Science Daily басылымына сілтеме жасап.

Дәрігерлер 24 жыл бойы жасы 45-64 аралығындағы 15 мың америкалықтың денсаулығын зерттеп, жүйелі түрде сауалнама жүргізіп келген. Осылайша, осы күнге дейін 691 көктамыр тромбозы тіркелген.

Осы орайда ғалымдар теледидар алдында ұзақ уақыт отыратын адамдардың 1,7 есе осы дерттен зардап шегетінін анықтады.

"Бұл нәтижелер күнделдікті физикалық жаттығулар жасап жүретіндердің де ұзақ уақыт бойы бір орында отыра бермеу керектігін көрсетеді. Мысалы, теледидар көрген кезде де", - делінген Ясухико Куботаның зерттеуінде.

Мамандардың айтуынша, көктамыр тромбозы кезінде көктамырлардың ішінде қан ұйығы (тромб) пайда болады. Бұл процесс, әсіресе, аяқтағы тамырларға әсер етеді. Сондай-ақ, мұның жеңіл артиллерияның бітелуіне алып келетіні айтылады. Ал емдемеген жағдайда адам тіпті өліп кетуі мүмкін екен.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети