Вирусолог омикроннан кейінгі коронавирустың әсерін болжады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вирусолог омикроннан кейінгі коронавирустың әсерін болжады Иллюстрация: Тengrinews

Вирусолог Петр Чумаков Sputnik радиосына берген сұхбатында омикрон штамы пайда болғанға дейінгі және одан кейінгі COVID-19-дың әсерін сипаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вирусолог Петр Чумаков Sputnik радиосына берген сұхбатында омикрон штамы пайда болғанға дейінгі және одан кейінгі COVID-19-дың әсерін сипаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, коронавирустың Уханда табылған штамы жетілмеген және негізінен, егде жастағы адамдарға әсер етті, бірақ мутация нәтижесінде SARS-CoV-2 адам популяциясына бейімделді және қазір таралу ауқымы әлдеқайда дамыған. Чумаков вирус эволюциясының негізгі бағыты "қамтудың кеңеюі" болды деп есептейді, нәтижесінде вирус кез келген жастағы адамдар арасында тарайтын болған.

Коронавирустың дамуы омикронның пайда болуына әкелді: бұл штамның жұқпалы болғаны сонша, ол жастардың, тіпті балалардың иммунитетін "бұза" алады, деді вирусолог.

"Бұл вирустың адам популяциясына бейімделу салдары", - деді Чумаков.

Ғалымның пікірінше, SARS-CoV-2 эволюциясы осы бағытта жалғасады. COVID-19 қоздырғышы одан да жұқпалы болуы мүмкін, бірақ сонымен қатар адамдарға айтарлықтай зиян келтіру қабілетін жоғалтады, деді ол.

"Коронавирус эволюциясын жалғастырып жатыр. Бұл үдеріс барысында ол патогенділігін (инфекция жұқтырған ағзаға ауыр зиян келтіру қабілетін) жоғалтады. Сонымен қатар, оның жұқпалығы қазір артып келеді және одан әрі артуы мүмкін", - деді Чумаков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети