Коронавирустың әртүрлі нұсқасын жұқтырғанда пайда болатын топқа тән иммунитет COVID-19 антиденелерін бұзып өтуді үйренген омикрон штамынан қорғай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі URA.RU сайтына сілтеме жасап.
Коронавирустың әртүрлі нұсқасын жұқтырғанда пайда болатын топқа тән иммунитет COVID-19 антиденелерін бұзып өтуді үйренген омикрон штамынан қорғай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі URA.RU сайтына сілтеме жасап.
Профессор, Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының вирусологы Александр Бутенко және Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Энгельгардт атындағы молекулалық биология институтының зертхана меңгерушісі Петр Чумаков коронавирустың әртүрлі нұсқасымен бірнеше рет байланысқанда пайда болатын иммунитет вакцинациямен бірге COVID-19-ға қарсы ұжымдық қорғанысты түзетінін айтты.
"Вирустың әртүрлі генотипінің байланысуы адамдарда топтық спецификалық иммунитет қалыптасуына себеп болады. Яғни, әртүрлі генотиптен қорғауды қамтамасыз ете алатын иммунитет. Адамдар белгілі бір уақыт аралығында коронавирустың екі немесе үш нұсқасымен кездесуі мүмкін. Бұл вакцинациямен әрекеттесіп топтық иммунитетті қалыптастырады", - деді Александр Бутенко.
Оның сөзіне вирусолог Петр Чумаков та қосылды. "Омикронның S-белогы" өзгергені сонша, оны вакцина енгізгеннен кейін антиденелер азырақ таниды. Бірақ, S-белоктан басқа, вирустардың басқа да бірқатар антигені бар және адам ауырған кезде осы антигеннің бәріне антиденелер түзіледі. Сондықтан, ол омикронмен кездескенде басқа антигендер жұмыс істей бастайды. Бұл топқа тән иммунитет. Бұл коронавируста бар антигендердің бүкіл тобына қатысты", - деп түсіндірді сарапшы.
"Вирустың әртүрлі генотипінің қосындысы адамдарда топтық спецификалық табын иммунитетін қалыптастырады. Яғни, әртүрлі генотиптерден қорғауды қамтамасыз ете алады", - деді Бутенко.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!