Әлемдік экономика құлдырап жатыр - ХВҚ

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
elements.envato.com elements.envato.com

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) әлемдік экономиканың өсу болжамын 2021 жылы 5,9 пайызға төмендетті, бұл шілдедегі бағадан 0,1 пайызға төмен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) әлемдік экономиканың өсу болжамын 2021 жылы 5,9 пайызға төмендетті, бұл шілдедегі бағадан 0,1 пайызға төмен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

ХВҚ-ның "Әлемдік экономиканың даму перспективалары" баяндамасына сай жеткізу тізбегіндегі тұрақты сәтсіздіктер мен баға қысымы COVID-19 пандемиясынан кейін әлемдік экономиканың қалпына келуіне кедергі келтіреді, өйткені бұл Америка Құрама Штаттары мен басқа да ірі өнеркәсіптік державалардың өсуін тежейді.

ХВҚ 2021 жылға арналған әлемдік экономиканың өсу болжамын шілдеде жасалған 6,0 пайыздық болжамнан 5,9 пайызға дейін төмендеткенін атап өтті. Қор 2022 жылға арналған жаһандық өсу болжамын 4,9 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалдырды.

"Бұл қарапайым өзгерістің артында кейбір елдер үшін болжамдардың айтарлықтай құлдырау мәселесі тұр. Пандемия деңгейінің нашарлауына байланысты табысы нашар елдер үшін болжам төмендеді. Рейтингтің төмендеуі экономикасы дамыған елдерге неғұрлым күрделі қысқа мерзімді перспективаларды да көрсетеді", - делінген баяндамада.

ХВҚ сарапшылары экономикасы дамыған елдердің ЖІӨ-нің 5,2 пайызға өсуін күтіп отыр. Бұл мемлекеттердің ішінде ең үлкен өсім 2021 жылы Ұлыбританияда (6,8 пайыз), екінші орында Франция (6,3 пайыз), үшінші орында АҚШ (6 пайыз) болады деп жоспарлап отыр. Еуроаймақ бойынша орташа өсім 5 пайыз болады. Бұл орайда 2022 жылы Испания бірінші орынға, АҚШ екінші орынға, ал Ұлыбритания үшінші орынға шығады.

Қор сарапшыларының бағалауынша, Қазақстанның ЖІӨ 2021 жылы 3,3 пайызға артады.

Қор пандемияға байланысты жағдай нашарлауына қарамастан, әлемдік экономика қалпына келе жатқанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer