Алматы төтенше жағдай режимі салдарынан 100 миллиард теңге жоғалтқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы төтенше жағдай режимі салдарынан 100 миллиард теңге жоғалтқан Фото: Әлихан Сариев

Алматы елдегі төтенше жағдай мен карантин режимі салдарынан 100 миллиард теңге жоғалтқан, бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы елдегі төтенше жағдай мен карантин режимі салдарынан 100 миллиард теңге жоғалтқан, бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Егер қала экономикасына қарасақ, онда шамамен 40 пайызы сауда екенін көруге болады. Барлық сауда тоқтап, үй маңындағы дәріханалар мен дүкендер ғана жұмыс істеген кезде, бұл (қала экономикасына - авт. еск.) әсер етпеуі мүмкін емес. Сауда 18 пайызға төмендеді," - деді Сағынтаев.

Қала басшысы кей сауда нысанының жұмыс жүйесі ашық емес екенін айтты. 

"Неліктен барлық базар әлі жетілдірілмеген? Сұрақ туындайды. Қаламайды. (...) Егер құрылымда сауда 40 пайыз емес, 15 пайыз болғанда, осынша байқалмайтын еді. Сонымен қатар, көлік (қозғалыстың тоқтатылуы) шығыны. Бұл екі сала кері тартты. Біздің шығындарымыз - 100 миллиард теңге", - деді әкім.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети