Қашықтан жұмыс істеу экономикаға қауіп төндіреді - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қашықтан жұмыс істеу экономикаға қауіп төндіреді - сарапшы Көрнекі сурет © pixabay.com

Англия Банкінің бас экономисі Энди Холдейн ұзақ уақыт бойы қашықтан жұмыс істеу экономикаға кері әсерін тигізуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Daily Mail.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Англия Банкінің бас экономисі Энди Холдейн ұзақ уақыт бойы қашықтан жұмыс істеу экономикаға кері әсерін тигізуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Daily Mail.

Экономисттің сөзінше, үйден жұмыс істеу кезінде күнделікті сапарлар қысқарып, арнайы кестемен жұмыс істеу қажеттілігі туындамайды. Бірақ оның кемшіл тұсы бар, себебі ата-аналар үйде жұмыспен қатар балаға көңіл бөліп, жұмыс істеуге ыңғайсыз ортада отыруы мүмкін. 

Ұлттық статистика басқармасының мәліметтеріне сәйкес, Ұлыбританиядағы қызметкерлердің төрттен бірі үйден жұмыс істеу олардың өнімділігіне негатив әсер етті десе, 12 пайызы керісінше жақсы әсер еткенін айтқан. 

"Үйден жұмыс істеу - интуицияны кесте, ал кездесулерді Zoom алмастырады деген сөз. Олар бізді кездейсоқ кездесу мен жұмыстағы қарым-қатынастан шектеп, экономикалық өсуге қажет шығармашылық потенциалға қауіп төндіреді", - дейді сарапшы.  

Өткен айда Ұлыбританияның премьер-министрі үкіметтің қаулысына өзгерту енгізіп, қызметкерлерді мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеуге шақырды. Соған байланысты елдегі кеңселер қайтадан босай бастаған. Ұлыбританияның Ұлттық статистика қызметінің мәліметінше, 14-18 қазан аралығында қызметкерлердің 60 пайызы ғана кеңсеге барып жұмыс істесе, қашықтан жұмысын жалғастырғандардың саны 25 пайызға артқан.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети