Министр теңгенің құнсыздануына қатысты пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов теңгенің құнсыздануына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов теңгенің құнсыздануына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте журналистер министрге "егер елімізде тағы девальвация болса, Қазақстан экономикасы оған төтеп бере ала ма? " деген сауал жолдады.

"Біз еркін айналымдағы ақша бағамы туралы айтып тұрмыз. Бұған қатысты Канада, Норвегия, Ресейде өзгерістер болды. Барлық ел өз ақша бағамын ретке келтіріп жатыр. Мұны нарық реттейді. Бұл өзгерістерден Қазақстан да тыс қалған жоқ. Ақша бағама нарыққа әсерін тигізді", - деді ол.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері Руслан Дәленовтан "қазақстандықтар келесі девальвацияға дайын болсын ба? " деп сұрақ қойды.

"Техникалық жағынан себеп болса, онда девальвация болады. Елімізде ондай себеп жоқ. Ақша еркін айналымда. Сондықтан себептің болмауына байланысты ондай өзгеріске негіз жоқ",  - деді министр.

Айта кетейік, 9 наурызда мұнай бағасы құлдырағаннан кейін Қазақстанда доллар бағасы күрт қымбаттады. Кеше ұлттық банктің ресми бағамы бір доллар үшін 382.05 теңге болды. Бірақ ақша айырбастау пунктерінде доллар 400 теңгеге сатылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro