24 мамыр 2016 10:54

"Россия 1" арнасының Франция жайлы сюжетін әшкерелейтін ролик бір тәулікте миллионнан аса көрілім жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Rtvi.com © Rtvi.com

"Россия 1" телеарнасының қызметкерлері дайындаған Франция туралы ролик YouTube сайтында миллионнан аса көрілім жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Россия 1" телеарнасының қызметкерлері дайындаған Франция туралы ролик YouTube сайтында миллионнан аса көрілім жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Француздың Canal+ телеарнасынан көрсетілетін Le Petit Journal хабарында 15 мамыр күні шыққан "Вести недели с Дмитрием Киселевым" бағдарламасының жалған ақпараты әшкереленді. Le Petit Journal мәліметінше, Дмитрий Киселев "евроскептиктер" туралы айта отырып, еңбек туралы заңға қарсы шықандар туралы сюжет көрсеткен. Онымен қоймай, француз тілінде сөйлегендердің сөзін орысша басқа мағынада жеткізген.

Француз тілшілері "России 1" сюжетінің кейіпкерлерін тапты. Олар сөйлеген сөздерінің орысша қалай аударылғанын білмейтін болып шықты. Кейіпкерлердің бірі ресейлік телеарнаның өзін "нәсілшіл" етіп көрсеткенін айтып отыр. Le Petit Journal тілшілері Дмитрий Киселевпен байланысқа шыға алмапты.

MK.ru басылымының мәліметінше, Киселев өз әрекетіне еш ұялмаған. Ол келесі сюжетін тағы да Франциядағы наразылыққа арнапты. Басылым Киселевтің соңғы уақытта мұндай әрекетке жиі барғанын айтып отыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети