Стокгольм қаласындағы метроның маңында болған жарылыстан жапа шеккен ер адам ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлады Reuters полицияға сілтеме жасап.
Стокгольм қаласындағы метроның маңында болған жарылыстан жапа шеккен ер адам ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлады Reuters полицияға сілтеме жасап.
60 жастағы ер адаммен бірге 45 жастағы әйел де ауруханаға жеткізілген болатын. Полицияның мәліметінше, ер адам метроның Ворбю станциясының (метро Varby Gard) маңында жерде жатқан белгісіз затты қолына алған, кейін сол зат жарылып кетті.
Aftonbladet газетінің хабарлауынша, жерде жатқан зат қол гранатасы болуы мүмкін, алайда полиция бұл мәліметті растаған жоқ. Құқық қорғау органдарының мамандары болған жайтты теракт деп есептемейтіндерін мәлімдеді.
Бұған дейін станция мен метро айналасының уақытша қоршалғаны хабарланған болатын. Стокгольм қаласында маршруттарды алмастыру үшін қосымша автобустар шығарылды.