Стокгольм қаласындағы жарылыс: Зардап шеккен ер адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Стокгольм қаласындағы жарылыс: Зардап шеккен ер адам қайтыс болды © ntv.ru

Стокгольм қаласындағы метроның маңында болған жарылыстан жапа шеккен ер адам ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлады Reuters полицияға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Стокгольм қаласындағы метроның маңында болған жарылыстан жапа шеккен ер адам ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлады Reuters полицияға сілтеме жасап.

60 жастағы ер адаммен бірге 45 жастағы әйел де ауруханаға жеткізілген болатын. Полицияның мәліметінше, ер адам метроның Ворбю станциясының (метро Varby Gard) маңында жерде жатқан белгісіз затты қолына алған, кейін сол зат жарылып кетті.

Aftonbladet газетінің хабарлауынша, жерде жатқан зат қол гранатасы болуы мүмкін, алайда полиция бұл мәліметті растаған жоқ. Құқық қорғау органдарының мамандары болған жайтты теракт деп есептемейтіндерін мәлімдеді.

Бұған дейін станция мен метро айналасының уақытша қоршалғаны хабарланған болатын. Стокгольм қаласында маршруттарды алмастыру үшін қосымша автобустар шығарылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети