Жерорта теңізінің үстінен ұшып бара жатқан EgyptAir ұшағы радардан жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жерорта теңізінің үстінен ұшып бара жатқан EgyptAir ұшағы радардан жоғалып кетті © EgyptAir

Мысыр мен Грекияның әскери авиациясы Жерорта теңізімен ұшып бара жатып, радар бетінен жоғалып кеткен EgyptAir әуе компаниясының ұшағын іздеуге қосылды, - деп хабарлайды РИА Новости мысыр ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Нақты мәліметтерге сүйенсек, ұшақтың моделі - Airbus A320.

Әуе компаниясының мәліметінше, ұшақпен байланыс Каир уақыты бойынша сағат 02.45-те жоғалған. Әуе кемесі ол кезде Мысырдан 80 миль жерде болған. EgyptАir ауе компаниясы жедел штаб құрды. Онда барлық әуе компаниясының өкілдері жоғалған жолаушылар ұшағын қадағалауға кірісті. Ұшақта 58 жолаушы мен экипаждың бірнеше мүшесі болған.

Мысырдың азаматтық авиация министрі Шериф Фатхи шұғыл түрде Араб Әмірлігіне Джидда қаласына сапарға барып, отанына жолаушылар ұшағымен болған жағдайға байланысты қайтып келді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети